Abstract:
Қоғам қажеттіліктерін ескере отырып, көлденең шешім
қабылдау тетігі негізінде мемлекеттік органдарды басқаруды жетілдіру бойынша
шаралар кешені әзірленді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің бақылау функцияларын қайталайтын мемлекеттік органдардың
функцияларындағы теңгерімсіздік мәселелері анықталды.
Министрліктің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
саласындағы мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық
мақсаттарының өзара байланысының проблемалары анықталды.
Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің функцияларын, билік
тепе-теңдігін, жауапкершілік пен ресурстарды теңгерімдеу, басқарудың барлық
деңгейлерінде ақпарат ағындарын шамадан тыс жүктеу мәселелері анықталды.
Экзогендік және эндогендік факторлардың тізімі жасалды.
Мемлекеттік органдарды басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар
әзірленді.