Abstract:
Жыл сайын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын жариялап келеді. Бұл ғылыми еңбектің негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясаты жүйесінің әдіснамалық базасын қамтамасыз ету және оны жастардың өзекті
сұраныстары мен мүддесіне әрі қарай бейімдеу.
Осы жылы «Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасы Қазақстан жастарының тыныс-тіршілігінің негізгі салаларындағы жағдайын, оның ішінде жаһандық пандемия кезеңіндегі жаңа жағдайды ескере отырып, жан-жақты
талдауды қамтиды. Жастар ортасын зерттеудің маңызды бағыттары демографиялық көрсеткіштер, денсаулық және
бос уақыт, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдай, құндылық бағдары мен қоғамдық-саяси мүдде, қылмыс көрсеткіштері және мемлекеттік жастар саясатының сапалық сипаты болды. Алғаш рет шығармашыл және
инклюзив жастарды дамыту мәселелері қозғалды. Жас қазақстандықтардың репродукциялық және психикалық саулығына ерекше назар аударылды.