Abstract:
Орталық Азия, негізінен дәстүрлі түрде «Үлкен ойын» позициясынан зерттеледі.
Себебі, бұл ортаға Ресей, АҚШ, ҚХР секілді және басқа ықпалы олардан кем бірақ
белсенді сыртқы ойыншылардың саясаты мен стратегияларының ықпалы мен
қарама-қайшылықтары әсер етеді. Сыртқы ықпалдың әсері сөзсіз болғанымен,
бірақ тәуелсіз дамудың 25 жылы өту кезінде Орталық Азия елдері дағдарысты
кезеңге ішкі өзгерістер салдарында енгенін ескерген жөн.
Алдағы онжылдық өңірдің ендігі ұзақмерзімді дамуын анықтайтын болады.
Себебі, бүгінде туған ішкі трендтер аталған өңірдің әлеуметтік, саяси және
экономикалық кескін-келбетін өзгертетін болады. Демографиялық және буындық
аспектілер мәнмәтінінде «поскеңестік Орталық Азия» деген терминді қолданудың
өзектілігін азайтатын жаңа, бетбұрысты тарихи кез келіп жатыр.
Зерттеуде алғаш рет «интеллектуалдық краудсорсинг» деген әдіс қолданылды
және осы талдау баяндамасы Орталық Азияның барлық елдері (Қазақстан,
Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) өкілдерінің қатысуымен
ұжымдық зерттелген өнім болып табылады. Баяндама соңғы он жылдар ағымында
өңірдің дамуын сценарийлік модельдеу аясында болашақ өңірлік беталыстарды
бірлесе ұғыну талабы болады. Зерттеу жобасы негізінде болған сценарийлік
тәсіл бақылаудан тыс болып жатқан маңызды өзгерістер жағдайында шешім
қабылдайтын тұлғаларды қолдау үшін дәстүрлі түрде қолданылады. Сценарийлер
туындап жатқан жаңа мүмкіндіктерді пайдалану және болашақта болатын
әлеуетті қауіптерді проактивті байқау мақсатында дайындалған.