Abstract:
Ғылыми зерттеу жұмысында:
– «мемлекеттік аудит» ұғымының мәнін нақтылайтын ғылыми тәсілдер жүйелендірілді, "мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау" ұғымының тәуелсіздікке бағытталған авторлық түсіндірмесі нақтыланды;
– мемлекеттік аудит органдары қызметінің сапасын бағалау критерийлерін жаңа үш бағыттармен толықтыру ұсынылды:
а) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жұмысында тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану;ә) қоғаммен және қызмет алушылармен өзара іс-қимылдың жаңа арналарын пайдалану;
б) қазіргі заманғы инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін ескере отырып бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін Big Data талдауына негізделген күрделі интеграцияланған жүйелерді қалыптастыру;
– мемлекеттік аудит сапасының көп факторлы моделі негізінде статистикалық маңызды факторлар (мемлекеттік аудиторлардың өзін-өзі тиімділігі мен кәсіби дамуы) анықталды және олардың мемлекеттік аудит сапасына әсер ету дәрежесі анықталды, нәтижесәнде бірқатар кадрлық ресурстарды дамыту бойынша бірқатар практикалық ұсынымдар берілді;
– 2015-2019 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекеттік аудит нәтижелері мен бюджет тапшылығы арасындағы өзара байланыс анықталды, бұл мемлекеттік аудитті жетілдіру қажеттілігін куәландырады;
– үздіксіз аудитке көшу мақсатында осы құрылымдардың ұйымдастырушылық дербестігі жағдайында мемлекеттік аудиттің интеграцияланған ақпараттық жүйесін қалыптастыру қағидаттары әзірленді және тәсілдері айқындалды;
– блокчейн технологиясын қолдану кезінде мемлекеттік аудит органдары мен аудит объектісі қызметкерлерінің өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық моделі құрылды;
– Бэнфорд Заңы негізінде қаржылық есептілікке аудит жүргізу әдістемесі толықтырылды, нақтыланды және сынақтан өтті.