Abstract:
Мақалада компанияның жобалық қызметін стандарттауға, автоматтандыруға жəне қолдауға
бағытталған жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесінің ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар
жобалық басқару жүйесінде қолданылатын халықаралық стандарттарды ашқан. Корпоративтік
жобаларды басқару жүйесінің негізгі бөліктері зерттелген: жобаларды басқару əдістемесі; жобаның
кеңсе (құрылымдық бөлімше) жəне жобалық комитет (алқалы орган); жобаларды басқарудың
ақпараттық жүйесі. Авторлар жобаларды таңдау, жоба тəуекелдеріне талдау жасау жəне жобаларды
тұжырымдамалық жоспарлау кезінде орын алатын негізгі қателіктерді анықтаған. Авторлар
жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесін тиімді құру үш компонентті қажет екенін атап өткен:
нормативті-əдістемелік қамтамасыз ету (стандарт); техникалық жəне ақпараттық қолдау; ұйымдық
жəне кадрлық қамтамасыз ету. Корпоративтік жобаларды басқару жүйесін іске асыру мүмкіндіктері
анықталған: қорытынды нəтижелерге нақты мақсаттарды қоюдың күрделілігі; біліктілік талаптарына
жəне персонал жауапкершілігінің дəрежесін арттыру; ұйымдастырушылық өзгерістердің қажеттілігі.
Авторлардың пікірінше, стратегияны əзірлеу, əдетте, корпоративтік жобаларды басқару жүйесін
енгізудің алғышарттары мен міндеттерін талдаудан басталады, тəуекелдер мен шектеулерді ескере
отырып, нəтижелерге қолжеткізудің басымдықтары белгіленеді. Мақалада корпоративтік жобаларды
басқару жүйесін енгізу кезінде жобаның табысқа жетуіне ықпал ететін негізгі факторлар анықталған.