Abstract:
Бұл мақалада қазіргі кезде әлем елдері үшін өзекті болып отырған жасыл экономикаға өтудің
Қазақстанстандық мүмкіндігі қарастырылған. Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы жылда-
ры әлем экономикасын дамытуға қатысты өткір ойлары әлем халқының назарында. Президентіміздің
бастамасымен ұйымдастырылған Астаналық экономикалық форумның да мақсаты дағдарысқа қарсы
ғаламдық жоспар ұсыну болатын. Өз сөзінде Президент “жасыл” энергетикаға көшу, “жасыл” тех-
нологияларды ендіру ғаламдық экономиканың маңызды бағыты екенін және Қазақстан көмірсутек
мол қорлары барына қарамастан, қалпына келетін энергия көздерін дамытуға көшетінін атап өтті.
Мақалада әлем елдері бойынша қалпына келетін энергия көздерін тұтынудың статистикасы беріліп,
Қазақстанмен салыстырылды. Қазақстанның қалпына келтірілетін энергияны өндіру мүмкіндіктері
теоретикалық және экономикалық мүмкін потенциялымен есептелінді.