Abstract:
Туризм қазіргі таңда Қазақстандағы индустриалды-инновациалиялық Даму стратегиясынының
негізгі бағыттарынң бірі болып табылады. Еліміздің орналасу ерекшелігі, климаттық белдеулердің барлық
түрлерінің таралуы, ежелден қалыптасқан тарихи сəулет өнерінің ескерткіштері, табиғи-рекреациялық
аудандар туризмнің көптеген түрлерін дамытуға мүмкіншілік туғызады. Туристік ортада қызмет ету-
де тиімді жүйені құру оң əлеуметтік-экономикалық əсерге əкеледі. Бұл мақалада елдің əлеуметтік-
экономикалық жағдайын дамыту, заманауи инфрақұрылым қалыптастыру, жасыл экономиканы дамыту
жəне ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін жоғарылату мəселелері қарастырылған. Қазақстанда
туризмді дамытудың бір бағыты − кластер құру. Кластер – заманауи шаруашылық жағдайында бəсекелік
артықшылығына жетуге бағытталған мүдделі тараптарды нығайтудың ұйымдастыру нысаны. Мақала
еліміздің аумақтарында туристік кластерлерді құрудың өзектілігін айқындауға, оның даму ерекшеліктері
мен негізгі мəселелерін зерттеуге арналған. Сонымен қатар туристік ортаны кластеризациялау үрдісінде
мемлекеттік реттеудің орнымен туристік кластерді құрудың негізгі бағыттары анықталған.