Abstract:
Отандық ғылымда
алғаш рет француз экономикалық дипломатиясының озық тәжірибесі жүйелі
зерттеу арқылы төмендегідей теориялық, методологиялық және практикалық
жаңалықтарға қол жеткізілді:
– геосаясат пен геоэкономика сипаттарын бірдей қамтитын заманауи
әлемқалып жағдайында экономикалық дипломатия сыртқы саясатты ұтымды
жүргізуді қамтамасыз ететін «Ақылды» күш тұжырымының жинақталған
көрінісі ретінде қарастырылды. Экономикалық дипломатияның сипаты мен
ерекшеліктері ескерілген авторлық дефиниция ұсынылды;
– жаңашыл тәсілдердің негізінде экономикалық дипломатияны зерттеудің
көпқұрамдас методологиялық картасы әзірленді. Ол зерттеліп отырған
жұмыстың басты аспектілерін, яғни жалпы (жүйелік, функционалды,
институционалды әдістер) және арнайы (акторлық, салалық деңгейлік,
инструменталдық, түрлілік әдістер) әдістерді қамтыды;
– француз дереккөздерін кеңінен талдау арқылы Француз
Республикасының экономикалық дипломатия көмегімен ұлттық экономикадағы
жинақталған түйткілдерді жеңу арқылы әлемдегі жетекші державалардың бірі
мәртебесін сақтап қалуға бағытталған стратегиясына және оның қазіргі таңдағы
басымдықтарына баға берілді;
– Экономикалық дипломатияның Қазақстан Республикасының пәрменді
сыртқы саясат жүргізуіне, сондай-ақ жоғары деңгейде дамуына ықпал ететін
16
сыртқы саяси құралдар жиынтығындағы тиімді тетік ретіндегі қабілеттілігі
айқындалды;
– Қазақстан-француз стратегиялық қарым-қатынасындағы экономикалық
дипломатияның маңызы анықталып, Қазақстан Республикасы үшін француз
дипломатиясының тәжірибесін ішінара қолдану мүмкіндігі жөнінде
практикалық ұсыныстар әзірленді.