dc.description.abstract |
Жұмыстың аясында Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметшілерін кәсібилендірудің институттық
реформалар жағдайындағы сұрақтарын кешенді тұрде алғаш рет зерттеу
жүргізілгендігі анықтайды. Жаңалықтың маңызды элементтерін келесілер
құрайды:
– мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызмет ерекшеліктерін зерттеу
арқылы «мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру» ұғымына авторлық
анықтама беріліп, ғылыми категорияны тың ағымның аясында қарастыруды
негіздейтін кәсібилендірудің жүйелендірілген ҥлгісі әзірленді;
– меритократия қағидатын тиімді жүзеге асыру үшін ҥздіксіз кәсібилендіру
мәдениетін қалыптастырудағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік
қызметшілердің басты мҥдделі тұлға ретіндегі орны ерекшеленіп, оны
қамтамасыз етудің құқықтық, ұйымдастырушылық тетіктері ұсынылды;
– мемлекеттік қызметтің мансаптық ҥлгісі арнайы кәсіби даярлауды талап
етеді, сондықтан мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың тұйықталған циклын
қамтамасыз ету үшін жоғары білім беру бағдарламалары арқылы мақсатқа сай
оқыту жүйесін қалыптастыруда мемлекеттік органдар мен білім беру
ұйымдарының әлеуметтік әріптестікке негізделген қарым-қатынасын
жүйелендіру бағыттары нақтыланды;
– оқытудың қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендірудегі
орны айқындалып, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдардың
сұраныстарын қамтамасыз ететіндей оқытудың тиімділігін бағалау құрылымы
мен жүзеге асыру құралдары ұсынылды;
– мансаптық өсу мен кәсіби дамудың арасындағы тікелей байланысты
нығайту мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау
әдістемесі мен Біртұтас құзыреттер шегіне сәйкес дамытылуы тиіс
құзыреттерге деген сұраныстарды анықтап, оларды қамтамасыз ететін кәсіби
дамуды жоспарлау құралы ретінде мемлекеттік қызметшінің кәсіби дамуының
жеке жоспарын енгізу жолдары негізделді. |
en_US |