Abstract:
Мақалада мемлекеттік қызметкерлердің жаңа формациясын
қалыптастыруда үлкен роль ойнайтын «рухани құндылықтар» және
«ізгілік» ұғымының маңыздылығы мен қажеттілігіне баса назар
аударылады. Жақсы маман атану – жоғары дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін қызметтің маңызды бөлігі. Осы орайда мемлекеттік қызмет
жүйесінің сапасын одан ары арттыру мақсатында мемлекеттік
қызметкерлердің жеке тұлғалық қасиеттері мен қоғам алдындағы
жауапкершілік жүгіне мән беру керектігі кеңінен айтылады.
Бұл мақала – мемлекеттік қызметтегі ізгілік танымын кеңірек
тануға көмектеседі.