Abstract:
Мақалада елдің мемлекеттік саясатын іске асыруда әлеуметтік бақылауды қолдану ерекшеліктері
қарастырылған. Ғалымдардың еңбектерінде мемлекеттік саясатты іске асырудағы әлеуметтік бақылау
әсерінің әртүрлі жақтары зерттелген: әртүрлі қоғамдардың атынан қызмет ететін әлеуметтік бақылау
органдарының көптүрлілігі; субъектінің әлеуметтік бақылау объектісіне мақсатты басқарушылық әсері;
азаматтардың мемлекеттік институттарға әсер етудің пәрменді құралы ретіндегі рөлі; цифрлық
кеңістіктегі әлеуметтік бақылау мәселелері; азаматтардың мемлекетті басқару үдерісіне қатысу
рәсімдері мен технологиялары; азамат пен мемлекет арасында делдалдық институттар құру. Мақала
авторлары Қазақстанның қоғамдық парасаттылық және әлеуметтік прогресс индекстеріндегі рөлі мен
орнын анықтаған. Талдау барысында цифрлық технологияларды енгізуге оң әсер еткен әлеуметтік
бақылаудың негізгі нысандары мен әдістері жинақталған. Мақалада мемлекеттік саясатты іске асырудағы
әлеуметтік бақылаудың рөлін күшейту үшін ұсыныстар берілген: мемлекеттік органдардың қызметіне
әлеуметтік (қоғамдық) бақылау субъектілерінің тиімділігін айқындау әдістемесін әзірлеу; интернетте
қоғамдық кеңестердің ақпараттарды беру тәртібін біріздендіру және жүйелеу; ақпаратқа қол жеткізуді
жақсарту және саясат мәселелері бойынша қоғамдық кеңестерді қамтамасыз ету; қағидаттарды, ұзақ
мерзімді және орта мерзімді міндеттерді баяндай отырып, кешенді мемлекеттік стратегияны әзірлеу.