Abstract:
Мақалада мемлекеттік органдарға әдістемелік тұрғыдан кешенді
талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметіне функционалдық талдау
жүргізудің мақсаттары мен түрлері қарастырылған. Зерттеу функционалдық
талдауды жүргізудің тұжырымдамалық бастауларын және оның құқықтық
негіздерін анықтауға, тұжырымдамалық аппаратты институционалдық
топтастырудың заңнамалық базасын қарастыруға және салалық функционалдық
шолуларды жүргізудің бірыңғай әдістемесін белгілеуге бағытталған. Мемлекеттік
органдардың қызметін талдау арқылы олардың ағымдағы жай-күйі мен қызметін
жетілдіру бойынша қорытындылар берілген.