Abstract:
Ғылыми мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасындағы шағын қалалардың даму мәселелерін талдау және даму перспективаларын анықтау болып табылады. Зерттеу барысында шағын қалалардың дамуының шетелдік тәжірибесі зерделенді. Қазақстан Республикасы аймақтарындағы шағын қалалардың негізгі даму мәселелері айқындалып жүйеленді. Ақтөбе облысы бойынша даму перспективасы жоғары шағын қалалардың бірі болып табылатын Қандыағаш қаласына SWOT-талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша Қандыағаш қаласын кешенді дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Шағын қалалардың имиджін қалыптастыру бойынша ұсыныстар келтірілді. Зерттеу барысында ғылыми зерттеудің талдау, синтез, салыстыру әдісі және жүйелік тәсіл сияқты әдістер басшылыққа алынды.