Abstract:
Мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы квазимемлекеттік сектор субьектілерінде комплаенс-қызметтер орны мен комплаенс-офицерлер жұмысы тиімділігін арттырудың ӛзектілігі айқындалған. Сондай-ақ, халықаралық озық тәжірибелердің тиімділігі, соның ішінде тәуекелдерді басқару принциптерінің Қазақстанда жүзеге асырылуы айқындалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларына тоқтала отырып, ағымдағы жағдайы мен проблемалық мәселелері айқындалған. Комплаенс-қызмет функцияларын жүзеге асырудағы комплаенс-офицерлердің орны, олардың жұмыс тиімділігін арттыруға кедергі болып отырған тежеуші факторлар талданған. Әсіресе комплаенс-офицерлердің жұмыста тікелей басшылыққа алатын комплаенс-қызмет туралы ереже нормаларының күнделікті тәжірибедегі жеткіліксіз тұстары айқындалған. Квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі кейбір ұйымдардың комплаенс-қызметі жұмысына сыртқы талдау жасалған. Комплаенс-қызметтің қолданыстағы ереже нормаларын жетілдіру, комплаенс-офицерлер қызметінің тәуекелдерді басқарудағы ролін арттыру бойынша тәжірибеде қолдану үшін ұсынымдар жасалған.