Abstract:
Мақала Орталық Азияда қалыптасқан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану саласындағы жағдайды зерттеуге арналған, осы саладағы Орталық Азия елдерінің саясатын қалыптастыруға және іске асыруға әсер ететін факторларға ерекше назар аударылды. Орталық Азия мемлекеттерінің тиісті құқықтық құжаттары трансшекаралық өзендердің су ресурстары саласындағы жанжалды жағдайларды реттеудің халықаралық-құқықтық базасымен салыстырылды. Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану кезінде Орталық Азия елдері арасында туындайтын даулы жағдайларды шешу жөніндегі көпжақты тетікті құрудағы сәтсіздіктердің себептері талданды.Су ресурстарын басқарудың институционалдық ортасының аяқталмауы, Қазақстан, Қытай және Ресей мүдделерінің сәйкес келмеуі мәселелеріне баса назар аударылды. Бассейн елдерінің әрқайсысы таңдаған шешімнің кейбір жолдары және оларды келісілген іске асырудың нормативтік-құқықтық нормаларының болмауы немесе жеткіліксіздігі талқыланады.