Abstract:
Мақалада Ауғанстанда билікке екінші мәрте келген талибтердің стратегиялық ұстанымдары мен сыртқы саяси қарым-қатынастарының сипаты талқыланған. Бүгінгі Ауғанстан үкіметіне Талибан 2.0 деген шартты атау бере отырып, оның Талибан 1.0 билігімен ұқсастығын әрі айырмашылығын зерттеген. Талибан 1.0 билігін алғашқы болып таныған және өзге мемлекеттердің мойындауына ықпал еткен Пәкістан мемлекеттінің бүгінгі Талибан 2.0 билігіне қатысты ұстанып отырған саяси пайымына кешенді талдау жасалған. Талибан 2.0 билігінің легитимдік мәселесіне қатысты аймақтық және жаһандық ойыншылардың ұстанымдары зерделенген. Ауғанстанмен де-факто қатынастар орнатып, әр түрлі деңгейде ынтымақтасып жатқан мемлекеттердің геосаяси пайымдарына реалистік теория тұрғысынан баға берілген. Сонымен қатар, мақала авторлары саяси реализм тұрғысынан Ауғанстан болашағын сценарий жасау тәсілі арқылы бағалауға тырысқан.