Abstract:
Бүгінгі таңда цифрлық дипломатия сыртқы саясаттың пәрменді құралына айналды және әлемде кеңінен таралды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, интернет пен әлеуметтік желілер саласындағы ерекше жетістіктердің арқасында дипломатияны іске асыру және ұсыну тәсілі түбегейлі өзгерді және дәстүрлі дипломатиялық элементтерден алшақтай бастады. Сондықтан цифрлық дипломатияның рөлі мен маңызы туралы білу қажет. Бұл мақалада цифрлық дипломатияның анықтамасы, өзектілігі және тиімділігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар зерттеу «Цифрлық елшілік» және «Цифрлық елші», консулдық қызметтерді автоматтандыру процесі, қоғамдық дипломатия, әлеуметтік желілерде жеке парақшаларды пайдаланудың бірыңғай саясаты, электрондық сауда мәдениетін енгізу, шешім қабылдаудың ақпараттық-талдамалық жүйелері сияқты негізгі бағыттарды шолуға бағытталған. Мақалада халықаралық рейтингтер мен цифрлық дипломатияның жаңа үрдістерін түсінумен байланысты баяндамалар, талдау орталықтары мен ұйымдардың статистикалық деректері, әлеуметтік желілердің деректері пайдаланылды.