Abstract:
Жұмыстың мақсаты – экономикалық өсуді қамтамасыз ету факторы ретінде Атырау облысы Құрманғазы ауданында туризмді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы - экономикалық әдебиеттерде жеткілікті түрде дамымаған мәселенің тұжырымдалуына байланысты және мыналардан тұрады:
• Туризмге, оның түрлері мен құрылымдық ерекшеліктеріне толық сипаттама берілген.
• Қазақстандағы туристік индустрияның негізгі тенденциялары анықталды.
• Қазақстандағы туризмнің дамуына әсер ететін факторлар анықталды.
• Атырау облысы Құрманғазы ауданында қазіргі заманғы экономикалық жағдайда туризм саласын одан әрі дамыту үшін практикалық ұсыныстар әзірленді.