Abstract:
Магистрлік жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикалық диломатиясының дамуы мен қалыптасуына талдау және ЕАЭО шеңберінде оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Ғылыми жаңалық экономикалық диломатияда жүргізіліп жатқан шараларды ескере отырып, ЕАЭО-да Қазақстанның экономикалық дипломатиясының рөлін кешенді тұжырымдау мақсатында келесіден тұрады:
- оның сипаттамасы отандық әдебиеттерде өте сирек кездесуіне және де қазақ тілінде арнайы әдебиеттердің мүлдем жоқ болуына байланысты бір тұтасты жинақталып, зерттелген жұмыс ұсынылды;
- экономикалық дипломатия тар мамандырылған бағыт болғандықтан, шет ел әдебиеттері мен мақалаларын кең пайдаланылып, толыққанды түсіндірілді;
- Қазақстанның экономикалық дипломатиясына жан-жақты талдау жасалынды;
- ЕАЭО-ға талдау беру арқылы ұйым шеңберінде Қазақстанның экономикалық дипломатиясының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.