Abstract:
Жүргізілген зерттеудің мақсаты. Еңбекке қаблетті жастағы мүгедектігі бар азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау түрлерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Бұл ұсыныстар, сонымен қатар, экономикалық тұрғыдан алғанда, жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуіне; әлеуметтік тұрғыдан инклюзивті қоғам дамуына; мемлекеттік қолдау шараларының сапасын арттыруға, еліміздегі бизнестің дамуына, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, кәсіпкерлікке мемлекеттік органдардың араласуын минимизациялауға және бәсекеге қабылетті кәсіпкерлік орта түзуге бағытталған.