Abstract:
Бұқаралық спортты дамыту
бойынша ұсынымдар әзірлеу туралы.
Ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелердің ғылыми
жаңалығы келесідей:
1.Зерттеу тұрғысынан әдістемелік негізде бұқаралық спорт саласының
ерекшеліктері нақтыланды және тұжырымдалды.
2.Ұлт денсаулығын көтеруде бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын
арттырып, бұл саланың мақсатты индикаторларына және қолдау тетіктеріне
талдау және бағалау жүргізілді.
3.Дене шынықтыру және спорт саласындағы оның ішінде ұлттық спорт
бағыты бойынша мемлекеттік басқару нормативтік-құқықтық актілерге түзету
енгізу туралы ұсыныс беру негізделді.
4.Тұрғындардың жүйелі дене шынықтырумен шұғылдануын дамыту
бағдарламасының жобасы әзірленді.