Abstract:
Кез-келген елде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаның табыстылығы көп жағдайда мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігіне байланысты. Қазақстан Президенті Қ.-Ж. Тоқаев өзінің кезекті Жолдауларында мемлекеттік қызмет өткеру жүйесін жетілдіру мәселелеріне айрықша назар аударды. Ротация көбінесе мансаптық басқару жүйесі элементтерінің бірі ғана емес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресудің қажетті құралы болып табылады. Ұсынылған мақала мемлекеттік қызметшілерді ротациялау тетігін қолданудың шетелдік тәжірибесін қарастыруға арналған. Аталған жұмыста авторлар бірқатар шет елдердің мемлекеттік қызметіндегі ротацияның мазмұны мен ерекшеліктеріне талдау жасады. Шолу нәтижесі бойынша мақалада Қазақстандағы мемлекеттік қызметте ротацияның оң және ықтимал болатын теріс көріністерін ескере отырып, ротацияны қолдану бойынша ұсынымдар берілді.