Abstract:
Мақалада қазіргі Ауғанстандағы билікті толықтай қолына алған Талибан қозғалысының саяси сахнадағы даму тарихы мен билікке келу жолы кешенді талқыланған. Ауғанстанда талибтердің пайда болу себептері көрсетіле отырып, олардың ауған халқы тарапынан қолдау табу заңдылықтары түсіндіріледі. Сонымен қатар, 9/11 оқиғасынан кейін Ауғанстанға енгізілген коалициялық әскерлер мен кейіннен АҚШ бастаған НАТО әскерилерінің елдегі жағдайды толықтай тұрақтандыра алмау себептері қарастырылып, қазіргі жағдайда талибтер билігінің халықаралық танылу қиыншылықтары көрсетіледі. Мақала авторлары халықаралық қауымдастық террористер деп таныған қозғалыстың ресми билікті қолға алғаннан кейінгі Ауғанстан мен көршілес Орталық Азия елдерінің арасындағы қарым-қатынастардың бұдан былай қалай даму ықтималдығы туралы пайымдар жасауға тырысқан. Пандемиядан кейінгі және посткеңестік кеңістіктегі қиын геосаяси жағдайды ескере отырып, әлемдік ірі державалардың Ауғанстанға қатысты саяси ұстанымдарының қалай өзгеруі мүмкін екені жайлы қарастырылған.