Abstract:
Мақалада мемлекеттік қызметтегі кәсіби қарым-қатынастың вербалды коммуникативтік және лингвопрагматикалық тәсілдері қарастырылды. Мемлекеттік қызмет негізінен қарым-қатынас-тың ауызша түрімен байланысты болғандықтан, мақалада мемлекеттік қызметшінің кәсіби сөз мәде-ниеті талданады. Автор мемлекеттік қызметшінің кәсіби сипаттамасы ретінде оның «өз ойын анық және дәл жеткізе білуі», сондай-ақ «ресми хаттарды дұрыс әзірлеп, ресімдеу» сияқты коммуникатив-тік біліктілігін нақтылайды.