Abstract:
Мақала мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін және коммуникативтік имидж мәселелерін қарастыруға арналған. Онда мемлекеттік қызметшінің имиджі көп жағдайда оның кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігіне байланысты екендігі көрсетілген. Оң имиджді қалыптастыру факторы ретінде мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігі, яғни сөз мәдениетіні ерекше атап өтіледі. Сонымен қатар мақалада тілдік құзыреттілік мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дайындаудағы негізгі құрамдас бөлігі екендігі қарастырылады.