Abstract:
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының алдын алу тетіктерінің және алдын алудың жүйелі тәсілінің әзірлегенінде.
Осы зерттеудің барысында, әдебиетке шолу, халықаралық тәжірибені ңдетілген сұхбат нәтижелері негізінде оның ғылыми жаңалығын құрайтын келесі ғылыми негізделген нәтижелер ұсынылады:
1. Сәйкестікке негізделген (compliance-based) және құндылықтарға негізделген (values-based) стратегиялардың негізінде жүйелі 4D алдын алу тәсілі ұсынылды.
2. «Мүдделер қақтығысының» ұғымдық аппаратын жаңарту, соның ішінде «жеке мүдде» ұғымын енгізу ұсынылды.
3. «Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы» атты мемлекеттік қызметшілерді оқуты бағдарламасын енгізу ұсынылды.
4. Декларациялау жүйесін жетілдіру бойынша:
– мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке мүдделерiн декларациялауды енгiзу;
– мемлекеттiк қызметшiлермен декларацияланған ақпаратты тексеру ұсынылды.
5. Мүдделер қақтығысына жауапты уәкілетті мемлекеттік органды анықтау ұсынылды.