Abstract:
Соңғы жылдары сәйкестілік проблематикасына ғылымда жоғары көңіл бөлінуде. Біздің
зерттеуіміздің бағыттылығын ескере отырып, бізге ең алдымен азаматтық сәйкестілікті
әлеуметтанулық талдау тұрғысынан қарастыру негізгі мақсат болды. Қазіргі уақытта ұқсастықтың
әртүрлі түрлерінің арақатынасы туралы мәселе ғалымдар арасында қызығушылық тудырып, жан-
жақты зерттелуде.
Кез келген мемлекеттің ұлттық саясатының ең басты бағыты – ұлттық және азаматтық
сәйкестілікті қалыптастыру болып табылады. Мақалада «сәйкестілік», «азаматтық сәйкестілік»
ұғымдарының теориялық негіздеріне сараптама жасалып, белгілі әлеуметтанушылардың
теориялары мен қоғамда сәйкестілікті қалыптастыру механизмдері қарастырылған. Бұл мақалада
«сәйкестілік» және «азаматтық сәйкестілік» түсініктеріне жүйелі және теориялық талдау
жасалды. Мұнда негізгі детерминанттарды зерттеу және осы тұжырымдардың өзара байланысы
ұзақ уақыт бойы бірқатар гуманитарлық пәндердің ғылыми қызығушылығы болғандығы
қарастырылады. Заманауи қоғамда сәйкестілік проблемасы өзінің өзектілігін жоғалтқан
жоқ, керісінше бұл мәселеге деген қызығушылық өзінің позициясын күшейте түсті. Ғылымда
сәйкестілік проблемасын зерттеудің теориялық негіздерін терең түсінуді ғана емес, сондай-ақ
олардың маңызды аспектілерін зерттеудің жаңа тәсілдерін іздестіруге де қызығушылық тууда.
Мақалада белгілі батыс және америкалық әлеуметтанушылар мен әлеуметтік психологтардың,
глобалистердің, атап айтсақ, З. Бауманның, Э. Тоффлердің, С. Хантингтонның, И. Гоффманның,
Э. Эриксонның, З. Фрейдтің, Э. Гидденстің және соңғы кезде өзінің көзқарасымен танымал
болып жүрген Роджерс Брубейкердің сәйкестілікке және азаматтық сәйкестілікке байланысты
пікірлері зерделенген.